Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арқа сүйерім": Жазира Байырбекова күйеуіне жүрекжарды жазба арнады

Опубликовано:

Жазира Байырбекова жұлдызды күйеуі Жанболат Ербатыровты төл мерекесімен ерекше құттықтап, оған өзінің ақ тілегін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жолдасының туған күнінде оған Instagram парақшасында әсерлі жазба арнаған.

"Арқа сүйерім, азаматым, туған күнің құтты болсын! Ұл-қыздарымыздың бақытын бірге көре берейік" , - деп жазды ол.

Жазира Байырбекованың бұл жазбасы желі қолданушыларын ойландырып қойды.

Көпшілік бүгінде ұл бала ғана тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылардың жасырып жүрген қызы бар деп болжады.

Отағасын перзенті Қазбек те желіде құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.

"Неге келбетімді Нұрбуллинге ұқсатып тәрбие беріп, өсіріп, киіндіріп жүргегіңізді білмейм. Дегенмен, туған күніңізбен, папа! Анам екеуіңіз бақытты ғұмыр кешіңіздер" , - деп жазды әншінің ұлы.

Желідегілер де туған күн иесіне өз құттықтауларын жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821600-arka-sjerim-zazira-bajyrbekova-kjeuine-zrekzardy-zazba-arnady-video/

pixel