Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский базарда 14 сағат бойы тілшілердің сұрағына жауап берді

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский 14 сағат бойы болған баспасөз-марафонын аяқтады. Оның журналистермен сұхбатының видеосын президент әкімшілігі Facebook желісінде жариялады деп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы өзінің алғашқы ауқымды баспасөз конференциясын таңғы сағат 10-да бастап, түн ортасында бір-ақ аяқтады.

Осылайша, Зеленский 14 сағат бойы журналистердің сұрақтарына жауап берген.

Президент баспасөз конференциясында Донбастағы жағдайдан бастап азық-түлік мәселесіне дейін талқылады.

Ерекшелігі сол - мәслихат Киевтегі азық-түлік базарында өтті.

Зеленский 7-9 адамнан тұратын журналистер тобына жауап берді. Әрбір топқа президентпен тілдесу үшін 30 минуттай уақыт берілді.

Іс-шара Украинаның Ұлттық рекордтар реестрімен белгіленді.

Сегіз сағаттық қарым-қатынастан кейін рекордтар кітабының өкілі Зеленскийге "әлемдегі ең ұзақ президенттік баспасөз конференциясы" деп сипатталған сертификат табыс етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821609-zelenskij-bazarda-14-sagat-bojy-tilsilerdi-sragyna-zauap-berdi/

pixel