RU
"Шулатты ғой": Керімбекова 82 жасында үйленген әнші туралы пікір білдірді

"Шулатты ғой": Керімбекова 82 жасында үйленген әнші туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ақбота Керімбекова мен Нұрлан Еспанов отандық бағдарламалардың бірінде 82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты пікір білдірді. Қос әнші өнердегі ағасының өзінен 45 жас кіші арумен отбасын құрып, дүркіретіп той өткізгені жайлы не ойлайтынын ашық айтты деп жазады "ЖаңаLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Керімбекова әйгілі әншінің 82 жасқа келіп, үйленгенін толықтай қолдайтынын айтты.

"Шулатты ғой. Қолдан келсе үйлене беру керек. Мен солай түсінемін. Қолыңнан келіп тұр ма?
Кез келген адам бақытты болуға лайықты. Бұрында ата-бабаларымыз да үйленген ғой. Сексенбай, Тоқсанбайлар қайдан шыққан?" , - деді әнші.

Оған қоса, өнер иесі 82 жасында дүркіретіп үйлену тойын өткізгені жайлы не ойлайтынын айтты.

"Ақ көйлек кию - әр қыз баланың арманы. Нұрғали ағамыз да елдің азаматы. Ел сыйлаған кісі. Меніңше, онда тұрған ештене жоқ.
Біреудің өмірі біреуге қалың ну орман дейді ғой. Ештеңе нақты білмеген соң, дөп басып бірдеңе айта алмаймын" , - деп ағынан жарылды Ақбота Керімбекова.

Әншінің өнердегі әріптесі Нұрлан Еспанов та оның сөзімен келісіп, Нұрғали Нүсіпжановқа тек тілекші екенін жеткізді.

Алайда ол қарт кісінің орнында болғанда, үйлену тойын шетелде өткізетінін айтты.

Сонымен қатар, Ақбота Керімбекова Нұрғали Нүсіпжанов Instagram желісіне тіркелетін болса парақшасын "көкешім" деп атауға кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелге үйленгенін хабарлаған болатынбыз. 82 жасында отау құрған әншіні барша отандық жұлдыздар жаппай құттықтады.

Танымал әнші мен Жадыра Сейдештің некелесуі желіде қызу талқыға түскен. Бұл мәселеге қатысты бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов пікір білдірген болатын. Одан кейін жас айырмашылығы аса үлкен жұбайлар жайлы Жүрсін Ерман да өз ойын айтты.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel