Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының төмен жағында он бірдей секс-притон табылды (фото, видео)

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Ведомство мәліметінше, жезөкшелер өз бизнесін Сейфуллин даңғылының бойындағы пәтерлерде жүргізген.

Барлығы он пәтерден жеңіл жүрісті 16 қыз табылғаны белгілі болды.

Олардың төртеуі Өзбекстаннан келген.

"Қыздар Түрксіб аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қыздар клиенттерін іші қонақүйге ұқсайтын жалдамалы пәтерлерде қабылдаған. Әкімшілік кодекстің 450 бабына сәйкес, жалға алудың түпкі мақсатын біле тұра жалға берген пәтер иелері бөлек жауапқа тартылды.
Өткен тәулік ішінде 10 әкімшілік іс қозғалды, ал 1 шілдеден бері секс-притон ұстағаны үшін 67 адам жауапқа тартылды", - деді Алматы полиция департаменті криминалды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Полиция басқармасына жеткізілген жезөкше қыздардан саусақ іздері алынып, арнайы есепке қойылды.

Өзбекстан азаматшаларына қатысты көші-қон қызметінің өкілдері тексеру шараларын жүргізетіні хабарланды.

Шетелдік қыздардың көші-қон заңдарын бұзғаны анықталған жағдайда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады және сот шешімімен елден шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821632-almatyny-tmen-zagynda-on-birdej-seks-priton-tabyldy-foto-video/

pixel