RU
Елордада ұрланған миллиондар: Қаржы министрлігі LRT жобасын мақұлдамаған

Елордада ұрланған миллиондар: Қаржы министрлігі LRT жобасын мақұлдамаған

Рассказать Вконтакте

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов сенат отырысында журналистердің Нұр-Сұлтанда жер үстіне салынған метро құрылысының қымбат жобасының экономикалық негіздемесін мақұлдаған кім деген сұрағына жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"LRT бойынша экономикалық негіздемені қаржы министрлігі бекіткен жоқ. Заң талаптарына сәйкес, әкімшінің өзі бекітеді", - деді Шолпанқұлов.

Қаржы министрлігінің жобаны қаржылық есептеуге қатыспағанын білдіретіні туралы сұраққа ол нақты "жоқ" деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елорданы одан әрі дамыту мәселелері талқыланған жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда жеңіл рельсті көлік құрылысын жалғастыру туралы биліктің шешіміне пікір білдірген.

"Енді жеңіл рельсті транспорт құрылысы - ЛРТ жайлы. Үкімет пен әкімдік даулы жобаға қатысты жұмысты шешті. Маған есеп бергендей, басқа жол жоқ. Тым әрі кетіп қалды", - деді Тоқаев.

Сонымен бірге, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің назарын осы жоба бойынша тергеуді жандандыруға аударып, бұл жобаның даулы екенін атап өтті.

"Бұл өте даулы жоба. Оның даулы екеніне сенімдімін. Экономикалық жағынан да түсініксіз. Әрине, үкімет пен әкімдік талап еткендіктен оны іске асыруға тура келеді. Халықаралық міндеттетемелер де бар. Мәселені шешуге тырысайық", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана LRT ісі бойынша тергеудің тың мән-жайлары анықталғанын жария етіп, жобадағы миллиондардың қалай ұрланғанын баяндады. Кейінірек агенттіктің Астана LRT ісіне қатысы бар күдіктілерді анықтағаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel