RU
Намаз оқығандай кейіп танытқан Керменбаевтың ұлдары елді сүйсінтті (видео)

Намаз оқығандай кейіп танытқан Керменбаевтың ұлдары елді сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Нұржан Керменбаевтың ұлдары желі қолданушыларын сүйсінтті. Желіде бүлдіршіндердің намаз оқып жатқандай кейіп танытқан видеосы жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш бейнежазбаны өнер иесінің жары Назерке Керменбаева Instagram парақшасына жүктеді.

"Ал, ағайын! Бүгін – жұма. Күндердің сұлтаны, дұға-тілектеріміздің қабыл болатын қасиетті уақыт. Ендеше, Алла әрбіріміздің жүрегімізден шыққан адал ниетіміз бен ақ тілектерімізді, дұға-сұрауларымызды қабыл етсін", - деп жазды әртістің әйелі.

Желідегілер сәждеге маңдайын тигізген балаларға тәнті болып, оларға деген жылы лебізін жарыса білдіруде.

"МашАллаһ балапандар. Тіл көзден сақтасын" , "Тәтті балалар" , "Қандай керемет көрініс" , "Дұрыс балаларға кішкентайынан дұрыс тәрбие беру керек" , "Жандарым сол" , - деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel