Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақ бортында ұшқыш пен стюардесса төбелесіп қалды (видео)

Опубликовано:

Republic Airways әуе компаниясының ұшқышы мен стюардессасы америкалық Деневр әуежайында ұшу уақытын күтіп тұрған ұшақ бортында төбелесіп қалды. Оқиғаның видеосын ABC News жариялады деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ ABC News
Фото: Видеодан кадр/ ABC News: Facebook

Оқиға 14 қыркүйек күні орын алғанымен, ол туралы тек қазір белгілі болып отыр. Анықталғандай, сол уақытта лайнер бортында жолаушылар болмаған. Төбелес қатысушылары 36 жастағы ұшқыш Уильям Томас және 29 жастағы стюардесса Мариш Спорер.

Видео кадрларында ер адамның әйелге жақындап, түкіріп жібергенін аңғаруға болады. Сол мезетте келіншек ұшқыштан бетінен шапалақпен ұрса, артынан Уильям оны жұдырықпен ұрып, қабырғасына соққы жасайды.

Томас пен Спорердің не себепті жанжалдасқаны белгісіз, дегенмен олар 2018 жылдың қараша айынан бастап жақын байланыста болған. Алдын ала болжам бойынша, қыз ғашығының ұялы телефонынан ұнамсыз зат көріп қоюы мүмкін.

Ұшқыш пен стюардесса қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тұтқындалды. Сот келесі аптаға белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821708-sak-bortynda-skys-pen-stuardessa-tbelesip-kaldy-video/

pixel