Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлын сүндетке отырғызған Айқын балаларының аналарына алғыс білдірді

Опубликовано:

Әнші Айқын желіде ұлы Санжарды сүндеттегенін айтып, көптен сүйінші сұрады. Желіге сурет жүктеген өнер иесі балаларының аналарына алғыс білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы өзінің сүйінші хабарын Instagram парақшасында жазған.

"Санжар мұсылман болды. 2-ден асқан баланы неге ерте сүндетке отырғыздық? Себебі қараушы хиругі онсыз болмайды деді.

Тойын әзірге жасамаймын, себебі ол әлі түсінбейді. Асылымның тілашары ме Санкобайдың ендігі тойлары бірге өтеді. Ең бастысы, аналарына рахмет!!! Себебі біз гастрольда жүргенде, баланың не істеп жүргенін, не тамақ, не ойын ойнап жүргенін білмейміз.

Оған қоса Аңсар мен Санжарды хирургқа өзім апарсам да, арғы жағындағы "айғай-шу" операциясына мен қатыспадым... Біз не?! Жасарын жасатып алып, қалған ең ауыр жүкті мамаларына артып жүре береміз. Сондықтан, барша аналар қауымына, барша жігіттер қауымының атынан сабырлық пен шыдамдылықтарыңыз үшін үлкен рахмет ...", - деп жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары әншінің отбасындағы қуанышты жаңалыққа жаппай жылы тілектерін жаудырған.

"Құтты болсын", "Үлкен азамат болсын" , "Үлкен жігіт болып, ата-анасын қуанта берсін", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821717-lyn-sndetke-otyrgyzgan-ajkyn-balalaryny-analaryna-algys-bildirdi/

pixel