RU
"Шаршадым": Әнші Назима ауруханаға түсіп қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Шаршадым": Әнші Назима ауруханаға түсіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік Black Star құрамындағы қазақстандық әнші Назима Жәнібекова ауруханаға түсіп қалды. Әншінің айтуынша, ол соңғы кездері аз ұйықтағандықтан денсаулығы сыр берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Назима сырқаты салдарынан осы демалыс күндеріне Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы өнер көрсетуін бір аптаға шегеруге мәжбүр болған.

"Құрметті достар өзімнің әлеуметтік желілерден жоғалып кетуінің себебін түсіндіре кетейін. Бүгін мені ауруханаға жатқызды. Сол себептен, ертең және бүрсікүнге жоспарланған өнер көрсетуім шегерілмек. Алматыдағы шара 18-не, Нұр-Сұлтандағы шара 19-на ауыстырылды.
Сенің жағдайыма түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Біз міндетті түрде кездеметін боламыз. Ал, әзірге маған емделу керек. Қатты шаршадым. Тез жазылуға тырысамын. Әйтеу дегенде ұйқым қанатын болды. Мені бес күнге жатқызды. Бұл аралықта кітап оқуға, демалуға уақыт бар" , - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
4
0
2
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel