Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ТМД елдері үшін "достастық визасын" енгізуді ұсынды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінде "шенген" сияқты бірыңғай виза енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Ол бұл туралы Ашхабадта ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Өкінішке қарай, ұлттық виза және көші-қон режимдерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Олар ТМД-дағы бірнеше елге бірден барғысы келетін шетелдік туристер үшін қолайсыздық туғызуда.
Мен бұл өте қиын екенін түсінемін, дегенмен ТМД аумағында шенген келісімі тәрізді "достастық визасы" деген шартты атаумен бірыңғай режим енгізу мәселесін қарауды ойлану керек шығар", - деп ұсынды Тоқаев.

Ол мұндай визаның достастық елдеріндегі туризмнің дамуына ықпал ететінін атап көрсетті.

Мемлекет басшысының айтуынша, ТМД-ның әрбір елінде әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тарта алатын өзінің ерекше табиғи және тарихи нысандары бар.

Айта кетейік, 2018 жылғы маусымда Дариға Назарбаева Орталық Азия елдері үшін "азиялық шенген" құру идеясын көтерген болатын. Жоба 2019 жылдың басында жүзеге асырылуы мүмкін деп болжалды.

Алайда, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "азиялық шенген" құру және енгізу мәселесі көп уақыт қажет ететінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821726-tokaev-tmd-elderi-sin-dostastyk-vizasyn-engizudi-syndy/

pixel