Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді

Опубликовано:

Тұрғындар сауалдарына қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы мен өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры жауап берді.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған семинарға аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, жұмыссыздар санатындағы 40-тан астам адам қатысты. Спикерлермен кездесу еркін форматта, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын талқылау тақырыбында өрбіді. Сондай-ақ, мұндай кездесулер қараша айының соңына дейін республиканың әр өңірінде өтеді.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook

Бағдарламаны кеңінен таныстыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын Екібастұз қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Әсем Ахметова мен өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Медият Мұсанап жүргізді.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook

Спикерлер "Еңбек" бағдарламасы бойынша білім алушылар санының өскенін атап өтті. Бүгінгі таңда "Жас кәсіпкер", "Бастау Бизнес" жобалары бойынша курстардан және қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан өткен 106 қатысушы 38,1 млн теңгеге гранттар алды. Сондай-ақ, 39 адамға өз кәсібін ашу немесе кеңейту үшін шағын несиелер берілді.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook

"Бұл үрдіс келер жылы да оң нәтиже беретініне сенімдімін. "Жас кәсіпкер" бағдарламасы биылғы жылы бізде алғаш енгізілді. Дегенмен, осы уақыт ішінде біз 115 адамды оқытып үлгердік. Ал "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша - 175 адам қамтылды. Жыл соңына дейін тағы 65 адам курстан өтеді", - деп атап өтті Медият Мұсанап.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook

Сонымен қатар, 46 жоба мақұлданып, 710 млн.теңгеге демеушілік жасалды. Мұнан бөлек, тағы 14 жоба жасалуда. Бизнес-идеяларды дамыту үшін ақысыз гранттар берілуде. Атап айтқанда, қажетті құрал-саймандарды, техникалық жабдықтарды, шаруашылық үшін құс, мал сатып алуға 100 немесе 200 АЕК (тиісінше 252 мың және 505 мың теңге) мөлшерінде қаржы бөлінеді.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook

Мұнан бөлек, спикерлер грантты игеру мәселелері бойынша арнайы менеджерлерді бөлу туралы айтты. Кәсібін ашуға ниетті тұрғындармен өзара іс-қимыл жасауда тыңдаушылардың психологиялық кедергілерін еңсеру үшін психологтар тартылған. Сондай-ақ, болашақ бизнестің бағытын анықтауға көмектесетін бизнес-жаттықтырушылар да бар.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook
"Есігіміз әрқашан ашық. Әрқашан көмек қолын созуға дайынбыз. Оқыту, кеңес беру, құқықтық құжаттама дайындауға көмек, бір сөзбен біздің қызметіміздің барлығы – тегін. Дегенмен, бір ғана Екібастұзда 8 мыңға жуық кәсіпкер бар. Сондықтан біз барлығына бірдей көмек бере алмаймыз. Тек өтініш білдірген тұрғындарға ғана", - деді филиал директоры.
Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook

Ол, сондай-ақ, қала тұрғындарына бизнесті бастау кезінде жағымсыз ойлардан аулақ болуға кеңес берді. Себебі қай жерде сүйемелдеу қажет, қандай көмек көрсету керек деген секілді мәселелер бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қызметін жарты жыл ішінде мониторинг жүргізіледі.

Кәсібін ашуға ниетті екібастұздықтарға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді
Фото: Рымбаев Ануар: Facebook
"Дегенмен бұл мемлекет тарапынан берілген сыйлық емес. Сіз ең алдымен ақша үшін емес, білім алу үшін келіңіз. Егер сіз өзіңіз және өз идеяңызға сенімді болсаңыз, бірақ сізге ақша жетпесе келіңіз. Ал бизнесті сертификат алған сәттен бастаңыз. Сіз жұмыссыз болмайсыз, сіз ісін жаңа бастаған кәсіпкер боласыз", - деп түйіндеді Екібастұз Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Медият Мұсанап.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1821732-ksibin-asuga-nietti-ekibastzdyktarga-ebek-memlekettik-bagdarlamasy-tsindirildi/

pixel