RU
Бишімбаевтың бостандыққа шығуы: Ол президенттен рақымшылық сұраған

Бишімбаевтың бостандыққа шығуы: Ол президенттен рақымшылық сұраған

Рассказать Вконтакте

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қаласы Абай аудандық соты 2019 жылдың 25 қыркүйек күні Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін қарастырды.

Сот өтінішті қанағаттандырды. Осыған сәйкес, шешім 2019 жылдың 11 қазан күні өз күшіне енді.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев мемлекет басшысына рақымшылық жасау туралы өтініш білдірген еді. 2019 жылдың ақпан айында шешім қабылданып, экс-шенеунікке тағайындалған мерзім қысқарды.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде сотталған адамның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінездемесі, сот талабын өтеу, кінәні мойындау және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу қажеттілігінің жоқтығы туралы куәландыратын басқа да мән-жайлар ескеріледі.

Қуандық Бишімбаев кәнісін толығымен мойындап, іс-әрекетіне өкініш білдірді. Сот берген талапты өтеген.

Жазаны өтеу мерзімінде Бишімбаев оң мінездеме алып, мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді қатысты.

Өтелмеген мерзімде ол пробациялық бақылауында болады.

Сіздің реакцияңыз
14
4
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel