Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі ұрып, хиджаб киюге мәжбүрлеген: Оқушы мемлекеттік органдардан көмек сұрады

Опубликовано:

Ақмола облысы Зеренді ауданының мектеп оқушысы әкесінің хиджаб киюге мәжбүрлейтінін айтып, мемлекеттік органдардың көмегіне жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ол орамал тағудан бас тартқан сайын, әкесінің ұрып-соғатынын айтып, уйге баруға қорқатынын жеткізді.

Оқушы бұндай жағдайдың екі жыл бойы қайталанып келе жатқанын ашып айтты.

"Ата-анам мені хиджаб киюге мәжбүрлейді, бірақ мен оған әлі дайын емеспін. Енді олар менен ораза ұстап, бес уақыт намаз оқуымды талап етуде. Менің "харам" киімдерімді алып қойды. Ал мен құрбыларым секілді өзім киінгім келеді", – дейді жасөспірім қыз.

Ол өз қатарластарымен араласып, бос уақытында үйірмелер мен спорт секцияларына қатысқысы келетінін жеткізді.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың мәліметінше, олар оқиғаға қатысты материал жинап жатыр, қыздың денесінен соққы іздері табылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Науан хазірет мешітінің наиб-имамы Диас Байжігітовтың айтуынша, көптеген ата-аналар дін оқытудың қазақстандықтарға жат қағидаларын ұстанып, діни міндеттер балаға кәмелетке толғанынан бастап қана жүктелетінін ұмытып кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821739-kesi-ryp-hidzab-kiuge-mzbrlegen-okusy-memlekettik-organdardan-kmek-srady/

pixel