RU
Ғалымдар: Гамбургер ер адамның жыныстық өміріне қауіп тудырады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар: Гамбургер ер адамның жыныстық өміріне қауіп тудырады

Рассказать Вконтакте

Фастфуд тағамдарын көп жейтін ер адамдар басқаларға қарағанда жыныстық проблемаларға жиі тап болады. Ондай тағамдар ер азамат ағзасындағы тестестерон мөлшерін төмендетеді деп хабарлайды Fedpress.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Австралиялық ғалымдар еркектер үшін гамбургерлер мен өзге де фастфуд тағамдарын көп жеу ағзадағы тестестерон мөлшерінің айтарлықтай төмендеуіне соқтыратынын анықтады.

Мамандар семіздікке ұшыраған еркектердің мәселесі көңіл көншітпейтінін алға тартады. Олардың ағзасындағы тестестерон мөлшері сағатына 25 пайызға төмендейтіні белгілі болды.

Бұдан бөлек, фастфуд тағамдарының шәует сапасына да кері әсерін тигізетіні анықталды. Ғалымдар әке болуға ниет екткен майлы тағамдарды ұнататын семіз адамдарға зерттеу нәтижелеріне көңіл аударуға кеңес берді.

Олардың болжамынша, май еркек шәуетін шығаратын клеткаларды улайды. Сондай-ақ зерттеушілер адамға жасанды жолмен енгізілген тестестерон да бұл жағдайда ағзаға әсер етпейтінін анықтады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel