RU
Арыстағы полигонда әскери қызметкер қайтыс болды

Арыстағы полигонда әскери қызметкер қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Арыс қаласында арнайы полигонда оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша уақытынан бұрын жүргізілген детонация нәтижесінде әскери қызметкер қаза тапты деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспсөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қайғылы жағдай бүгін, 11-қазанда Арыс қаласынан 60 шақырым жерде болған.

Әскери қызметкерлер жиналған оқ-дәрілерді арнайы полигонда жою жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде, топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы, майор А. С. Ақышев ауыр жарақат алды.

Министрлік жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілгенін хабарлады.

Орын алған оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталуда. Арнайы тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

Бұл жағдай полигонға жақын орналасқан қала тұрғындарына қауіп төндірмейді.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен достарына көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
15
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel