Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев: "Билікті алғаннан, оны берген жақсы"

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында қазіргі президент Тоқаевтың өзімен ақылдасатынын айтты. Назарбаев өзінің үлкен тәжірибесіне сүйеніп, керекті ақылын айтып отырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тағы оқыңыздар:

"Өзгерістер қажет": Нұрсұлтан Назарбаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіліп жатыр>>

Елбасы таңдауының неліктен дәл Тоқаевқа түскенін айтып берді>>

"Әрине, президент Тоқаев менімен ақылдасады, жүгінген кезде елдің қамы үшін мен онымен өзімнің жоғары өмірлік және практикалық тәжірибеммен бөлісіп, ақылымды айтамын. Ақыл ақылымен, бірақ шешімді осы ақылдарды алған адам қабылдайды", - деді Назарбаев.

Ол Черчиллдің "Билікті беру оны қабылдағаннан гөрі жақсы болатынына күмәнім жоқ" деген сөзін есіне алды.

"Мен бұл қандай сөз деп ойладым. Өйткені қабылдау - халық алдында өзіңе үлкен жауапкершілік алу. Істей аласың ба, жоқ па. Егер қолыңнан келмесе, онда неге барасың.
Тағы да мынадай мақал бар, грек философтары "билікті билікке құштар адамға емес, кімге ауыр болса соған беру керек" деген", - деп айтты Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821771-nrsltan-nazarbaev-bilikti-algannan-ony-bergen-zaksy/

pixel