Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды мен Ақтөбе: Назарбаев халқы миллионға жететін келесі қалаларды атады

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқының саны миллионға жететін қалалар әлемді басқаратынын айтты. Елбасы Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкенттің ізімен миллион тұрғыны бар шаһарлар қатарына жақында Қарағанды мен Ақтөбе қосылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда: UGC

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: "Билікті алғаннан, оны берген жақсы>>>

"Оларды аяймын": Назарбаев шетелдегі қашқын ұрылар туралы сөз қозғады>>>

Назарбаев елорданы Түркістан қаласына ауыстыруды ойлағанын айтты>>>

Назарбаев халқының саны миллионға жеткен кез келген қаланы "өлмес" деп бекер атамайтынын жеткізді. Елбасының сөзінше, мұндай шаһарларда жұмыс күші сатылатын өнімді жасайды. Оның арқасында қала автономды түрді өмір сүріп, өз-өзін толықтай қамтамасыз ете алады.

"Алматы бізде екі миллион тұрғынға жақындап келеді. Астана бүгінде - 1,2 млн болып кеткен. Шымкент те миллионға жеткендіктен, біз оны мемлекеттік басқарудағы қала жасап, Түркістан облысын құрдық. Бұл да өте жақсы.
Қарағанды мен Ақтөбе сынды жартылай миллион халқы бар қалалар да жақында миллиондық белесті бағындырады. Олар жылдан жылға өсіп жатыр. Халық бұл шаһарларға көптеп баруда" , - деп қосып кетті Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821795-karagandy-men-aktbe-nazarbaev-halky-millionga-zetetin-kelesi-kalalardy-atady/

pixel