RU
"Сұранатындарды ғана қабылдаймын": Назарбаев шенеуніктер жайлы айтты

"Сұранатындарды ғана қабылдаймын": Назарбаев шенеуніктер жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев президенттік қызметінен кеткеннен кейінгі жұмыс күндері қалай өтіп жатқанымен бөлісті. Тұңғыш президент өзіне уақыт арнауды армандағанымен, ойлағаны тығыз жұмыс кестесі салдарынан орындалмай жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: "Билікті алғаннан, оны берген жақсы>>>

Қарағанды мен Ақтөбе: Назарбаев халқы миллионға жететін келесі қалаларды атады>>>

Назарбаев елорданы Түркістан қаласына ауыстыруды ойлағанын айтты>>>

Тұңғыш президент қазақстандық шенеуніктерді енді өзіне арнайы шақыртпайды. Назарбаев министрлер мен әкімдер оның қабылдауына өздері сұранатынын жеткізді.

"Өзіме уақыт арнауды армандаған едім. Бірақ, іске асар емес. Мен өздері сұранатындарды қабылдаймын. Қазіргі уақытта мен оларды өзім шақыртпаймын.
Менің бүгінгі мақсат-міндетім заңды және конституциялық болып табылады. Мен партияның жұмысымен айналысамын. Мен партияның, Қазақстан халқы ассамблеясының басшысымын. Оған қоса, Қауіпсіздің Кеңесін басқарамын. Оның өз алдына міндеттері көп. Сонымен қатар, шақырту алған түрлі халықаралық форумдарға қатысамын" , - деді Назарбаев.

Мәселен, дүйсенбі күні Елбасы Баку қаласына арнайы шақырту алды. Себебі, ол түркі тілдес мемлекеттердің құрметті төрағасы болып тағайындалған. Форумдар мен масштабты шараларда ол инвесторлар мен "Қазақстанның жаңа достарын" табады.

"Мұндай форумдарда Қазақстанның мәселелері шешіледі. Еліміздің өзге мемлекеттермен қарым-қатынасы, сауда-саттығы мен түрлі келісімдер орнайды. Яғни, мен өз жұмыстарымда елім, отаным үшін қызмет етуді жалғастырып келемін. Уақыт өте аз" , - деді Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel