Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев президенттікке Тоқаевты таңдағаны үшін өкінбейтінін айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбаты барысында өзінің өкілеттілігін тоқтату шешіміне қатысты пікір білдірді. Елбасы отставкасы мен президенттікке Тоқаевты таңдағаны үшін де еш өкінбейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тағы оқыңыздар:

"Сұранатындарды ғана қабылдаймын": Назарбаев шенеуніктер жайлы айтты>>>

Қарағанды мен Ақтөбе: Назарбаев халқы миллионға жететін келесі қалаларды атады>>>

Назарбаев елорданы Түркістан қаласына ауыстыруды ойлағанын айтты>>>

"Жоқ, еш өкінбеймін. Себебі, бұл ойланып, жан-жақты ақылға салынған шешім. Менің Қазақстан басшылығында жүргеніме 30 жыл болғанын ұмытпау керек. Егер, 1979 жылдан бастап, ОК хатшысы болған кезден есептесек 40 жыл болады екен.

Мені осы жыл аралығында қолдап, сайлап келген халқыма рахмет. Олардың арқасында мен мемлекет басшысы болдым. Алайда, кейбір тұрғындар арасында бір адамнан шаршағаны байқалатын шығар. Мұндай жайт бар.

Екіншіден, өзгеріс қажет. Қазіргі таңда, ештене бір орында тұрмайды. Жаңа адамдар, жаңа кадрлар керек. Кез келген басқа адамның өз көзқарасы мен қарым-қатынасы болады. Сол себепті, бұл ақылға салынған шешім. Мен дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Мен істеген ісім мен президенттікке үміткер ретінде кімді таңдағаным үшін де өкінбеймін" , - деді Назарбаев.

Тұңғыш президентке отставкасынан кейін көптеген ел басшылары қоңырау шалып, оның өкілеттілігін тоқтатқанына өкініштерін білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821801-nazarbaev-prezidenttikke-tokaevty-tadagany-sin-kinbejtinin-ajtty/

pixel