RU
Елбасы Нұр-Сұлтанның болашағы жөнінде маңызды мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы Нұр-Сұлтанның болашағы жөнінде маңызды мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев халқының саны миллионға жеткен қалалар мен елорданың болашағына қатысты мәлімдеме жасады. Тұңғыш президент алып шаһарларға адамдардың ағылып баруы мен урбанизация үрдісін ешкім тоқтата алмайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан. Фото: Максим Золотухин

Нұр-Сұлтан. Фото: Максим Золотухин

Тағы оқыңыздар:

"Сұранатындарды ғана қабылдаймын": Назарбаев шенеуніктер жайлы айтты>>>

Қарағанды мен Ақтөбе: Назарбаев халқы миллионға жететін келесі қалаларды атады>>>

Назарбаев президенттікке Тоқаевты таңдағаны үшін өкінбейтінін айтты>>>

Назарбаев халық саны бойынша миллионды еңсерген қалалар жөнінде айтып, олардың болашағын сөз етті.

"Көбісі алып шаһарларға бәрі жабысып, проблема тудырады деген тұжырымға қарап, түсінбей жататынын жақсы білемін.

Егер, қарасаңыз Париж қаласы да діл солай дамыған. Басында кішкентай қала болған. Кейін елдің түкпір-түкпірінен келіп, шаһардың айналасына шағырланды. Сол кезде билік өкілдері тұрғын үйлерді көптеп тұрғыза бастады. Осылайша, қала өсіп жандана бастады. Нью-Йорк те осылай өркендеп келеді. Мехикода 20 миллион адам бар. Олардың тең жартысы қала шетіндегі тұрғындар болса керек.
Әрине, адамныңөзіне қолайлы жерде тұруы - заңдылық. Үлкен қалаларда ғылым, зауыттар мен өнеркәсіп қарқынды дамиды. Алып шаһарларда ең үздік оқу орындары, үздік мектептер мен үздік мейрамханалар бар. Ол жерде бәрі аса сапалы. Сол себепті, мұндай қалаларға халықтың көптеп тартылуы орынды жағдай. Бұл урбанизацияны ешкім де тоқтата алмайды. Сол үшін оны басқару қажет.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда да күрделі мәселелер бар. Біз қаласақ та, қаламасақ та апатты жағдайлар болмау керек" , - деді мемлекетіміздің тұңғыш президенті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel