RU
Тойда достарымен бірге әсерлі ән шырқаған Асан Пердешов елді сүйсінтті

Тойда достарымен бірге әсерлі ән шырқаған Асан Пердешов елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Асан Пердешов желіде бір топ достарымен бірге өлең айтып жатқан видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Көпшілік өнер иесінің достық жайлы шырқаған әсерлі әніне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшіліктің жылы лебізіне иеленген бейнежазбаны отандық жұлдыз өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Видеодан танымал әншінің бір топ ер адаммен бірге той барысында ән орындағанын көруге болады. Анықталғандай Пердешов бұл әсерлі тосын сыйды баласының туған күнін тойлаған досына арнаған болып шықты.

Әртіспен қоса өлеңге өзге достары да қосылған. Ер азаматтар той иесін таңғалдырып, оған ерекше көңіл-күй сыйлаған.

Оған қоса, Ғазизхан мен Мейрамбек Бесбаевтың әнін орындаған Пердешов олардан парақшасы арқылы өлеңді рұқсатсыз айтқаны үшін кешірім сұраған.

Тілеулестер. Жақып досымызды мерекелі тойында осылай құттықтағанды жөн көрдік. Ғазизхан бауырым, Мейрамбек аға ән үші үлкен рахмет! Рухсатсыз кеттік кешірім өтінеміз. Осындай есті әндер көп болсын" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel