RU
Маңғыстаулық шенеунік қызметтік жалғандық жасады деген күдікке ілінді

Маңғыстаулық шенеунік қызметтік жалғандық жасады деген күдікке ілінді

Рассказать Вконтакте

Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметтік жалғандық жасады деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеумен Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.

Ол іс жүзінде болмаған жер комиссиясының хаттамасынан жалған үзінді көшірмелер беру жолымен, оларды сату бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізбей немесе жалға алу құқығынсыз жалпы сомасы 62 млн теңгеге 22 жеке және заңды тұлғаларға берді деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel