RU
Тоқаев ғарышкер Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ғарышкер Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қазақстан халқының және өзінің атынан ұшқыш-ғарышкер, кеңес одағының екі дүркін батыры Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

"Алексей Архипович өз ісінің нағыз шебері, әлемдік космонавтикада аты аңызға айналған тұлға еді. Ол Байқоңыр айлағынан ұшып, адамзат тарихында тұңғыш ашық ғарышқа шықты. Батыр Леонов ұлы мақсатқа жету жолында өз өмірін тәуекелге тігіп, бұған дейін өзгелердің қолынан келмеген ерлік жасады" ,– делінген жеделхатта.    
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel