Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдықтар 18 мыңнан астам көшет отырғызды (фото)

Опубликовано:

Бүгін республикалық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке жамбылдықтар да белсене атсалысты. Шараға облыс басшысы Асқар Мырзахметов бастаған барлық орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, ардагарлер кеңесі және өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Instagram

Өткен демалыста Тараз қаласы мен облыс аудандарында «#Birge #JasylQazaqstan» атты жалпыреспубликалық экологиялық акция аясында жасыл көшеттер отырғызу шаралары өтті.

Облыс бойынша барлығы 18466 адам 18880 көшет отырғызды. Оның ішінде, қарағай, шырша,  қарағаш,  арша,  терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елдімекенді қамтыды.

Облыс орталығында барлығы 4000 ағаш отырғызылды. Акцияға жалпы 8000 адам: қоғамдық кеңес өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты.

"Әулие-Ата халықаралық әуежайы"АҚ аумағы маңына және әуежайға апаратын жол жиегіне 1500 қарағай мен шегіршін отырғызылды.

Ал Талас ауданында "Ағаш отырғызу" республикалық акциясына 600- ге жуық адам білек сыбана кірісті. Нәтижесінде 600 жас қарағаш және 20 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Акциядан басқа ауданның барлық елді мекендерінде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ал Қордайда акция өткізуге бір күн қалғанда жауған нөсер сенбіліктің қолайлы түрде өтуіне ықпал етті. Акцияға барлық ауыл округтері белсене қатысып, барлық елді мекендерде ағаштар отырғызылды. Бұл күні аудан бойынша отырғызылған көшеттер саны 1670.

Айта кетейік, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов тал егу акциясына облыстың шалғай ауданы-Мойынқұмнан қатысты. Онда мойынқұмдық жастар мен  қызметкерлермен бірге «Жаз Ата», «Жасыл ел» саябақтарына тал егіп, шараға қарқынды үлес қосты.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Twitter

Аталған акция аясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов және Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев  туя, емен, терек ағаштарын отырғызып, игі істің маңыздылығын туралы тоқталып өтті. Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара облысымыздың  барлық аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821832-zambyldyktar-18-mynan-astam-kset-otyrgyzydy-foto/

pixel