RU
Құрылыс қызметкерлерінің қауіпсіздігі қалай қадағаланады?

Құрылыс қызметкерлерінің қауіпсіздігі қалай қадағаланады?

Рассказать Вконтакте

Есептік көрсеткіш бойынша жыл басынан бері еліміздегі өндіріс орындарында 800-ден астам жұмысшы жарақат алған. Бұл сандық мәлімет "Еңбек қауіпсіздігі" ақпараттық науқанының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендегенін көрсетіп отыр. Осыған сәйкес біз бүгін қаладағы құрылыс алаңдарының біріне барып, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған жағдайлар мен қорғаныс құралдарының түрі және құрылыс алаңына киілетін арнайы киімдермен танысып қайттық.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Құрылыс алаңына кірмес бұрын ең алдымен касканы және жарық шағылыстырғыш элементтері бар кеудешені кию керек. Ережеге сәйкес арнайы киімді "жасыл" аймақта (құрылыс нысаны аумағы) болған кезде де және одан алшақ жерде де пайдалану қажет.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Мұнда бақылау-өткізу пунктіндегі талаптар қатаң сақталған. Құрылыс нысаны аумағына өту үшін пластикалық карточка талап етіледі. Сондай-ақ қызметкер алкотестер тексеруінен сәтті өтсе ғана жасыл түсті белгі жанады.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Аталған жасыл аймақта жұмысшылар үшін жарақат алу қаупі төмен екенін байқауға болады. Бұл жерде контейнерлер, тұрмыстық және қойма бөлмелері орналасқан. Ол нысандар өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес бір-бірінен алыс қашықтықта. Сонымен қоса барлық құрылыс нысандары автоматты өрт дабылымен, модификация жүйесімен және өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Мына өндірістік аумақта күн сайын таңертең бес минуттық нұсқаулық уақыты өткізіледі. Бұл уақытта еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер маман жұмысшылардың біліктілік куәлігін, киім үлгісінің және аяқ киімінің барлық стандарттарға сәйкес болуын тексереді.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Көріп отырғандарыңыздай мына қызметкер күртесі жарық шағылыстырғыш элементтермен жабдықталған. Арнайы күрте қалтасына рация, қалам және блокнотты салып жүруге болады. Сонымен қатар каска арнайы қорғаныс белдігімен қорғалған. Себебі құрылыс-монтаждау жұмыстарында жұмысшы еңкейген жағдайда бас киім ұшып кетуі мүмкін. Ал мына фиксатор оны тығыз әрі берік ұстап тұрады..

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Бір қарағанда сізге бұл кроссовка фитнеске арналған спорттық аяқ киім сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, олай емес. Бұл осындағы жұмысшылардың жазғы аяқ киім үлгісі. Бұл аяқ киімнің негізгі ерекшелігі – ұшы мен табанындағы темірінде. Мысалы жұмысшы "қызыл" аймақта жүргенде шегеге ілініп қалуы мүмкін. Ал мына аяқ киім темірдің көмегімен ондай қауіпке жол бермейді. Егер аяққа бір нәрсе түсетін болса кроссовкадағы темір жұмысшының башпайларын аман сақтап қалады.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (құламау) үшін құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған блоктарда плиталар шетінде уақытша қорғаныс қоршаулары, тіреулер мен көлденең тақталар, сондай-ақ торлар орналасқан. Ережеге сәйкес биіктіктегі жұмыстарға 20 және одан жоғары жастағы қызметкерлер қатыса алады. Ал он сегіз жастағы жұмысшы жоғары биіктіктегі жұмыстарға жіберілмейді.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Дауылды және қатты жел күндері биіктікте жүргізіліп жатқан жұмыстар бірден тоқтатылады. Құрылыс аумағының барлық аймағы толықтай жарықпен жабдықталған. Жалпы қауіпсіздік шараларын сақтай отыра құрылыс жұмыстары түнгі уақытта (кешкі сағат 10 - нан таңғы сағат 6-ға дейін) жүргізіле береді. Сонымен қатар жоғары қауіпсіздік үшін құрылыс алаңының периметрі бойынша камералар орналасқан.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Айта кету керек, аталмыш құрылыс объектісінде жеке медициналық пункт бар және онда тұрақты түрде білікті қызметкерлер қызмет көрсетеді. Сонымен қоса медициналық бекет алғашқы көмек көрсету жағдайындағы қажетті құрал- жабдықтармен жасақталған.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel