RU
Ақтөбеде еңбек шарты қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Ақтөбеде еңбек шарты қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Рассказать Вконтакте

Өндірістік аймақтарда еңбек қызметін ұйымдастыру аса өзекті. Осыған байланысты, Ақтөбеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен «Еңбек шарты қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпорында қызмет ететін жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін күш біріктіре отырып, әрекет ету. Аталған басқосуда қатысушылар жарақат алу деңгейін төмендетуді, қоғам мен қоршаған ортаға залал келтіруді азайту мәселелерін тілге тиек етті.

Семинарды ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ашып, кәсіпорындағы қауіпсіздікті сақтау мен еңбекті қорғау мәселелерін қозғады. Сондай-ақ оларды шешу жолында жасалып жатқан шаралардың тиімдігін айтып, қатысушыларға жұмыс процесін бақылаудың маңыздылығын айтып берді.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

«Жалпы, өндірістік тәуекелдерді басқару және талдау тәртібін реттейтін басқарушылық принциптер болады. Оған есепке алу, бағалау және қауіп-қатерді бақылау кіреді. Бұл өз кезегінде жұмыста болатын кедергілерге тосқауыл болып, қызметкердің денсаулығына зиян келтіретін фактілерді болдырмайды», – дейді Т. Оспанқұлов.

Семинарға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ержан Егембердиев, Ақтөбе облысы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Саламат Аманбаев және т.б. қатысты.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Аталған жиында ғылыми қызметкерлер, құқық қорғаушылар және кәсіпкерлер қауіпсіздік мәдениетін дамыту, жұмысшыларды жазатайым оқиғадан сақтау және «Vision Zero» деп аталатын әлемдік концепция құруды ұсынды. Бұған қоса, қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге өтемақы мен жәрдемақы төлеудің жаңа тәсілдерін баяндады. Семинар аясында сарапшылардың «Экотон Батыс» ЖШС пен «ҚазТрансОйл» АҚ-ға баруы ұйымдастырылды.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Айта кетейік, шілде айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Vision Zero» концепциясын жүргізу бойынша Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен меморандумға қол қойған еді. Ол еңбек қызметіндегі қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз ететін 7 ережеден тұрады. Яғни, қағидаларды сақтау, бағдарлама жасау, қауіпсіздік және еңбек гигиенасы жүйесін құру, қызметкерлерді квалификациядан өткізу және т.б.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Аталған семинар «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқаны аясында ұйымдастырылды. Осылайша, мемлекеттік орган, бизнес-қауымдастық және қоғамдық ұйым өкілдері бір алаңда бас қосып, еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді кеңінен талқылады.

Фото: Мусин Турарбек

Фото: Мусин Турарбек

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel