RU
Полиция "Орда" әншілерінің ата-анасы қаза болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын ашты
Жаңалықтар Қоғам

Полиция "Орда" әншілерінің ата-анасы қаза болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын ашты

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы Теміртаудан екі шақырым жерде болған деп хабарлайды тілшісі KAZ.NUR.KZ.

Әншілердің ата-анасынан басқа тағы екі адам қаза тапты.

"ЖКО Бұқар Жырау ауданында Теміртау қаласынан екі шақырым жерде орын алды. "Volkswagen" автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі Разин көшесі жағынан қозғала отырып, алдын ала мәліметтер бойынша, "Теміртау-Астана" автожолының қарсы бағытына шығып кетіп, 28 жастағы ер адамның басқаруындағы "Scania" маркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан.
ЖКО салдарынан "Volkswagen" автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл апаттың мән-жайын жол полиция қызметкерлері. Сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілуде деп атап өтті ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Орда" тобындағы Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол-көлік оқиғасынан көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
17
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel