RU
"Мәселе емес": "Канело" Головкинмен үшінші кездесу туралы мәлімдемеге жауап берді

"Мәселе емес": "Канело" Головкинмен үшінші кездесу туралы мәлімдемеге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Бокстан орта салмақтағы WBA чемпионы мексикалық Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Канело" Головкиннен "шын мәнінде тұрарлық ұсыныс" түссе, жекпе-жектің болуы әбден мүмкін екенін алға тартты.

"Онымен тағы бір жекпе-жек өткізу мен үшін мәселе емес", – деді мексикалық.

Еске сала кетейік, украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін Геннадий Головкин IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қайтарып алды.

Бұдан бұрын DAZN вице-президенті Джо Марковски мәлімдегендей, "Канело" мен GGG-дің үшінші жекпе-жегі туралы келіссөздер Альварестің 2 қарашаға жоспарланған Сергей Ковалевпен кездесуінен кейін басталады.

Егер тараптар келісімге келсе, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel