Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Винокуров Ironman әлем чемпионатында жеңімпаз атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Ironman әлем чемпионатына қатысып, өзінің жас санатында жеңімпаз атанды деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жарыс Гавайдың Кона қаласында өтті.

Қатысушылар 3,8 шақырым жүзіп, 180 шақырым велосипедпен және 42 шақырым жаяу жүгіріп өтулері тиіс болатын.

Винокуров бірінші кезеңнен кейін 148-ші орында болған, алайда, велокезең мен марафонда алдына жан салдырмады.

Бүкіл қашықтыққа жерлесіміз 8 сағат, 48 минут, 24 секунд жұмсап, өзінің жас санатында чемпион атанды. Жалпы есепте ол 43-ші орынға тұрақтады.

"Мен үшін ерекше сәт! Қолдау көрсеткендері үшін командама, достарыма және барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын", – деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821883-vinokurov-ironman-lem-cempionatynda-zeimpaz-atandy-foto-video/

pixel