RU

Нұр-Сұлтанда балалар су басқан үйдің терезесінен секірмек болды

Нұр-Сұлтандағы пәтерлердің бірінде үлкендердің қарауынсыз қалған балалар жуынатын бөлмедегі су құбырының шүмегін жұлып алып, салдарынан үйді су басқан. Қорыққан балалар терезеге шығып кеткен деп хабарлайды астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Оқиға 12 қазанда Уәлиханов көшесінің бойындағы үйде орын алды. Пәтерде 8 және 4 жасар балалар жалғыз қалған.

Балаларды құтқару үшін ТЖД қызметкерлеріне есікті бұзып кіруге тура келді.

Департамент ата-аналарға балаларды үйде жалғыз қалдырмауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821887-nr-sltanda-balalar-su-baskan-jdi-terezesinen-sekirmek-boldy.html