Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде ер азамат бірге тұратын әйел адамның атына үш несие рәсімдеген

Опубликовано:

Семей тұрғыны кенеттен бір басында үш несие бар екенін анықтаған. Әйел адам бірден полицияға арызданған деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

3 қазан күні белгісіз біреу оған "Money man", "Честное слово" және "Вики"сайттары арқылы үш ақша несиесін ресімдеген екен. Қарыздардың жалпы сомасы 538 000 теңгені құрады.

Тергеу жүргізілгеннен кейін, қаскүнем жәбірленушінің 31 жастағы бірге тұратын тұрғыны екені анықталды.

Ер адам ақша алу үшін құжаттардың деректемелерін және өтініш берушінің банк карточкасының нөмірін пайдаланған.

ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821902-semejde-er-azamat-birge-tratyn-jel-adamny-atyna-s-nesie-rsimdegen/

pixel