RU
БЖЗҚ-да Әзірбайжан банкіне салынған ақшаның қайда кеткені айтылды

БЖЗҚ-да Әзірбайжан банкіне салынған ақшаның қайда кеткені айтылды

Рассказать Вконтакте

БЖЗҚ атқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов 2017 жылы өзін банкрот деп жариялаған Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған Қор ақшасының тағдыры туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мәулен Өтеғұлов өзінің Facebook парақшасында бұл қаржының қайтарымсыз жоғалғаны туралы мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын жазды.

Оның айтуынша, банктің банкротқа ұшырауы мен қайта құрылымдауынан кейін одан 250 млн долларға алынған борышқорлық бағалы қағаздар Әзербайжан үкіметінің егеменді облигацияларына алмастырылды.

"Бұл Әзербайжан халықаралық банкінің БЖЗҚ алдындағы барлық міндеттемелерін Әзербайжан Республикасының үкіметі толығымен өз мойнына алып отыр деген сөз", – деді Өтеғұлов.

Бұдан кейін ол биылғы ақпан-сәуір айларында нарықта пайда болған қолайлы жағдайларлдың арқасында Әзірбайжан үкіметінің барлық облигациялары нарықтық бағамен сатылып кеткенін жеткізді.

БЖЗҚ атқарушы директоры ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сүйене отырып, нәтижесінде салынған ақшаның табыстылығы 4 пайызды құрап (валютада), бұл көрсеткіштің отандық банктердері доллар салымдарының табыстылығынан көп екенін атап өтті.

"Осылайша, Әзірбайжан банкімен болған іс сәтті аяталып, салымшыларға табыс түсірді", – деп түйіндеді Өтеғұлов.

Бағалы қағаздардың сатылымы жөнінде толық ақпаратты БЖЗҚ сайтынан көруге болады (2019 жылғы ақпан-сәуір айларының шолуында №7 кесте).

Сіздің реакцияңыз
1
1
4
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel