RU
Семейдегі "жаппай төбелес": Полиция желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді

Семейдегі "жаппай төбелес": Полиция желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді

Рассказать Вконтакте

Instagram желісіне бір топ қызуқанды жастардың айғай салып бара жатқан видеосы тарады. Видео авторы жазбаның Семейде жаппай төбелес кезінде түсірілгенін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

"Кеше Семейде жаппай төбелес болды. 13 адам ауруханаға жатқызылды", – делінген 12 қазанда жарияланған видеоның жазбасында.

Видеода бір топ жігіттің белгісіз бағытта ұрандатып бара жатқанын көруге болады.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы аталған видеоны тексеріп шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Видео ескі, мұнда жанкүйерлер футболдан қайтып келе жатыр. Төбелес болған жоқ", – деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel