RU
Пәкістандық жігіт әлемдегі ең ұзын адам атанбақ (фото)

Пәкістандық жігіт әлемдегі ең ұзын адам атанбақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясы Маншехра қаласында ерекше ұзын жігіт табылды, оның бойы 233 сантиметрді құрайды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мухаммад Амин Таноли. Фото: SYED WAQAR RIZVI / CATERS NEWS / Legion-media

Мухаммад Амин Таноли. Фото: SYED WAQAR RIZVI / CATERS NEWS / Legion-media

23 жастағы Мухаммад Амин Танолидің туыстыраның барлығы орташа бойлы.

Ең қызығы, 16 жасына дейін оның бойы 1,52 метр болған. Ал одан кейінгі төрт жыл ішінде жігіт 41 сантиметрге өскен екен.

Соңғы бірнеше айдың ішінде Мухаммад 7,6 сантиметрге өсіпті.

"Соңғы үш айда өзімнің қалай өскенімді бақылап, бара-бара ұзарып бара жатқанымды аңғардым", – деген пәкістандық жігіт өзінің күндердің күнінде танымал болатынына сенімді.

Айта кетейік, Гиннесстің рекордтар кітабында әлемдегі ең ұзын адам атағы 36 жастағы түрік – Сұлтан Кёсенуға тиесілі. Оның бойы – 251 сантиметр.

Ал пәкістандық Мухаммад Амин Танолидің жасын ескерсек, оның бұл рекордты жаңартуға толық мүмкіндігі бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel