RU

Жапонияда құтқару операциясы кезінде әйел адам тікұшақтан құлап кетті

Жапонияда орын алған "Хагибис" сұрапыл тайфунынан кейін құтқару операциясы кезінде егде жастағы әйел адам тікұшақтан құлап кетті деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото Carl Court/Getty Images
Фото Carl Court/Getty Images: Getty Images

Белгілі болғандай, 77 жастағы әйел адам Фукусима префектурасында елді қауіпсіз аймаққа көшіріп жүрген Жапония қорғаныс күштерінің тікұшағынан 40 метр биіктіктен құлаған. Оның жүрегі мен тыныс алуы тоқтаған.

Әйел адам ауруханада көз жұмды.

Еске сала кетейік, Жапонияда алапат "Хагибис" тайфуны соғып, сұрапыл апат салдарынан 10 адам қаза болды. Кем дегенде 22 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында 150-ге жуығы түрлі жарақат алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821912-zaponiada-ktkaru-operaciasy-kezinde-jel-adam-tiksaktan-klap-ketti.html