RU
"Күйеуім болса да, ойым басқада": Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан келіншек жұрттан ақыл сұрауда

"Күйеуім болса да, ойым басқада": Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан келіншек жұрттан ақыл сұрауда

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана тұрмыс құрған келіншек күйеуі бола тұра басқа жігіттерге көз салып жүргенін сөз етті. Оның айтуынша, ол өзі жақсы көрген адамына суып кетуіне не әсер еткенін білмейді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жұбайымен біраз жыл жүрген келіншек, тұрмысқа шыққаннан кейін жұбайын емес, басқаларды қалайтынын ашып айтты.

"Күйеуіммен қыз-жігіт болып біраз жыл жүрдік. Тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түскенде мүлдем ойланбастан келісімімді бердім, себебі ол адамға сендім. Сөйтіп, бір ай бұрын тойымызды дүбірлетіп өткіздік. Енді отбасы құрғанымыз жаңа ғана болса да, мен үшін бәрінің қызығы таусылғандай.
Тіпті, өзімнің басқа жігіттерге жиі қарайтынымды байқадым. Өзімді қалай басқарарымды білмеймін. Торға қамалған құстаймын. Күйеуім көңілімнен шығады. Өзі сымбатты, табысты да жақсы табады, мені де сыйлайды. Бірақ, басқаларға көзім түсе береді. Кейде тым асығыс шешім қабылдап қойдым ба деп те ойлаймын. Десе де саналы жаста тұрмысқа шықтым. Өзіме не әсер етіп жүргенін білмеймін. Біреудің басынан осындай жағдай өтті ме? Не істерімді білмей қалдым. Неке жүзімігім кісендей...", - деп жан сырын ақтарды ару.
Сіздің реакцияңыз
94
3
7
10
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel