RU
"15 минуттан соң жарылады": Қарағандылық ер адам сөмкесінде бомба барын мәлімдеді

"15 минуттан соң жарылады": Қарағандылық ер адам сөмкесінде бомба барын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда ер адам орталықтағы кафеге кіріп, келушілердің зәресін ұшырды. Ол сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін, оны іске қосатынын мәлімдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ер адам "бомба 15 минуттан кейін жарылады" деп айқай салған. Кафе қызметкерінің шақыруымен оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті.

"Аумақ қоршауға алынды. Полиция қызметкерлері ер адаммен сөйлесіп, одан сөмкені беруін сұраған. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш заттың жоқ екені анықталды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жалған ақпарат таратқан адам 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның психикалық бұзылуы бар екені анықталып, ол психикалық-неврологиялық диспансерге жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel