RU
Головкин промоутері GGG-дің келесі қарсыласы мен кездесу уақытын атады

Головкин промоутері GGG-дің келесі қарсыласы мен кездесу уақытын атады

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің со-промоутері Хирн GGG-дің келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 4 жылда 1 рет келетін 29 ақпан күніне жоспарлады. Эдди Хирннің айтуынша, жекпе-жек Чикагода өтеді.

"Головкиннің жанкүйерлер арасында Чикагода беделі өте жоғары. Егер Головкин Камил Шереметке қарсы жекпе-жек өткізсе, демек бұл кездесу Чикагода өтуі керек. Онда үлкен поляк диаспорасы бар", - деді GGG со-промоутері.

Ол Головкиннің польшалық боксшыға қарсы жекпе-жекке шығады деп айтуға әлі ерте екенін, бірақ мұндай нұсқа қарастырылып жатқанын және міндетті болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Титулды жеңіп алған кезде сізге міндетті үміткер тағайындалады. IBF мұны жасаған жоқ, бірақ біз олармен келіссөздер жүргізудеміз. Шеремета белбеудің қайта бос болғанын қалайды", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Сауль Альварес Генадий Головкинмен қайта кездесуге келісті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel