RU
Желіде Қайрат Нұртас, Төреғали мен Айқынның әскердегі видеосы тарады

Желіде Қайрат Нұртас, Төреғали мен Айқынның әскердегі видеосы тарады

Рассказать Вконтакте

Instagram кеңістігінде отандық эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі мен Айқын Төлепбергенннің әскердегі видеосы тарап кетті. Азаматтық борышын өтеп жатқан әншілердің бұл бейнежазбасы жұртты қатты таңғалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иелерінің әскердегі ролигімен өз парақшасында Айқын бөліскен. Видеодан әншілердің гитарамен ән салып жатқанын аңғаруға болады.

Шоу-бизнес жұлдыздарының әскерге аттанғанын болжаған желідегілердің пікірін Төлепберген бірден жоққа шығарды. Ол аталмыш бейнежазба "Казбат" атты киноның саундтрегіне клип түсіру барысында жасалғанын жеткізді.

"Керемет дүние шыққалы жатыр. Соғыс туралы бір киноға саундтрек. Әдемі шыққан секілді. Жақында "Казбат" киносы. 1995 жылғы қазақ жігіттерінің тәджік-ауған шекарасында болған қақтығыста жапа шеккені жөнінде түсірілген фильм" , - деп жазды ол.

Қайрат пен Төреғали де әскери киіммен түскен суреттерімен желіде бөліскен.

Сіздің реакцияңыз
23
1
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel