RU
"Головкин-жақсы бизнес": Альварес үшінші жекпе-жекке келісімін берді

"Головкин-жақсы бизнес": Альварес үшінші жекпе-жекке келісімін берді

Рассказать Вконтакте

Сауль "Канело" Альварес 2 қарашаға жоспарланған Сергей Ковалевпен жекпе-жекке байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді. Боксшы баспасөз мәслихаты барысында Геннадий Головкинмен болуы мүмкін үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті деп хабарлайды Boxingnews24.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Канело" GGG чемпиондық титулдарын қайтарып алса, үшінші жекпе-жектің орын алуы мүмкін деп айтқан сөзін есіне алды.

Журналистер Головкин бұны жасай алғанын жеткізіп, үшінші кездесуге қатысты сұрақты жаудырды.

"Бұрын айтсам да, тағы да қайталап айтқым келеді. Головкинмен жұдырықтасу мен үшін оңай емес. Біз екі жекпе-жек өткіздік. 24 раунд бойы шаршы алаңда қолғап түйістірдік. Мен оны жеңдім, сондықтан Головкин мен жекпе-жек шыққысы келетін боксшылар қатарында емес болып табылады.
Алайда, онымен айқасу - үлкен бизнес екені белгілі. Егер Головкиннің командасы маған жақсы ұсыныс айтса, үшінші жекпе-жек орын алуы мүмкін", - деді мексикалық спортшы.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
4
0
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel