RU
Бишімбаевтың бостандыққа шығуын министрлік түсіндіріп берді

Бишімбаевтың бостандыққа шығуын министрлік түсіндіріп берді

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы вице-министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұқбатында айтты.

"Ол жеңілдік туралы өтініш беру құқығына ие болды. Ол шағымданды, сот барлық жағдайды ескерді. Жаза мерзімі 4 жыл 8 айға дейін жаза қысқартылды.
Ол 4 жыл 8 айдың үштен екісін өтеп қойды, бір жылдан астам ғана уақыты қалған. Менің ойымша, бір жыл үш ай. Осы бір жыл үш айдың орнына жеңіл жаза айыппұл алмастырылды", - деді ол.

Қожаев қосымша сұрақтары бар адамдарға Жоғарғы Соттың сайтында жарияланған сот шешімін көруге кеңес берді.

Одан бөлек, вице-министр журналистердің Бишімбаевтың өз кінәсін мойындағаны туралы сұрағына оң жауап берді.

"Иә ... Ешқандай ауырлататын жағдай жоқ. Жоғарғы Сот бұл туралы айтқан болатын. Егер залал болса және Жоғарғы сот осындай шешім қабылдаса, демек Бишімбаев өтемеген материалдық залал қалған жоқ ", - деп сөзін қорытындылады Қожаев.

Еске сала кетсек, 11 қазанда Шымкент қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев бостандыққа шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз
14
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel