Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев: Кірісі төмен азаматтарға кепілсіз қарыз берілмейді

Опубликовано:

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жылдың соңына дейін кірісі төмен азаматтарға кепілсіз қарыз беруге тыйым салатын шаралар қабылданатынын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ерболат Досаев. Фото: government.kz
Ерболат Досаев. Фото: government.kz: Twitter

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, халықтың борыш жүктемесінің өсуіне орай жүйелі тәуекелдерді шектеу үшін шілде айында тұтынушылық кредиттердің субъектілерін реттейтін заң қабылданды.

"Жыл соңына дейін 90 күннен асып кеткен берешегі бар кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша тұрақсыздық сомасын, комисияны, басқа да төлемдерді есептеуге, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды көздейтін шаралар қабылданады", – деп атап өтті Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, кірісі төмен азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыз бермеуге бағытталған реттеу шаралары қолға алынбақ.

Биылғы маусым айында мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды тапсырған болатын.

Биыл Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 29 698 теңге болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1822001-dosaev-kirisi-tmen-azamattarga-kepilsiz-karyz-berilmejdi/

pixel