RU

«Көкжал»: «Хабар» телеарнасы жаңа телехикаясын түсірді

Бала күнінен анасынан айырылып, бұзақылардың талаптарына бағына алмай, асқақ арманның жетегінде жүріп, спорт биігін бағындырған бозбала туралы жаңа телехикая түсірілді.

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

«Көкжал» деп аталатын драма 14 қазаннан бастап,яғни бүгіннен бастап сағат 22.15-те «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарлануда. Картинаның режиссері – Дмитрий Қырықбаев.

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

Ербол - ана құшағының ыстық ықыласына бөлену бақытынан ерте айырылған еді... Бүгінде ол - әкесінің жалғыз үкілеген үміті, қолғанаты. Аналық махаббаттан жастайынан мақұрым қалған ол – тым тұйық болып өседі. Тағдырдың тәлкегі аздай, Ербол - ауыл ересектерінің адам төзгісіз тепкісімен ер жетеді.

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

Әне-міне дегенше, мектеп түлектерінің қатарынан көрініп, тәмәмдайды. Өзінен үнемі қомақты қаражатты талап ететін, бермесе – тепкінің астында қалдыратын маңайындағы бұзақылардың бұға берсе, бұдан былай да сұға беретінін түсінген бозбала - бұл езгіден құтылатын тек бір жолдың бар екенін ұғады. Сөйтіп, спортпен шұғылдануды ұйғарады.

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

Уақыт өте Ерболдың шешімі - өмірлік мақсатына айналады.Оның ендігі арманы - аралас күрестің шыңын бағындыру. Сол арманның жетегінде жүріп жас жігіт – жолында жолықтырған қиындықтарға жасымайды, арымайды.

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

Азаттықты жеңемін деп басына түскен бар азаппен күрескен Ерболдың арқа сүйерлері әкесі мен жаттықтырушысы - бастапқыда оның бағындырар белесіне күмәнмен қарайды. Алайда, бас кейіпкер - қайраты мен күшінің мықтылығын, ат ұстар азаматтылығын оларға дәлелдейді.

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

Жанарына жылылық нұрын сыйлаған сүйіктісі барынша қолдағанымен, Ербол күндердің күнінде ауладағы «меншікті бұзақылардың» жетегіне қалай еріп кеткенін өзі байқамай қалады...

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

12 бөлімді драмадан Азат Жұмаділ, Дәулет Өсербай, Дулыға Ақмолда, Эльдар Нұрсұлтан, Мейір Шәріпхан, Арман Сайлыбаев, Еркебұлан Тоқтар, Бекзат Рымбай, Еркебұлан Жайсанбек, Мұрат Жарылқасынов, Әйгерім Жүнісова, Айым Бегмат сынды актерларды көре аласыздар.

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

«Хабар» телеарнасында жаңа драма
Фото: Телехикаядан кадр: Facebook

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822007-kkzal-habar-telearnasy-zaa-telehikaasyn-tsirdi.html