Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Боғауыз жоба": B.A.S production басшысы танымал екі әзілкешті жұмыстан қуып жіберді

Опубликовано:

Отандық белгілі B.A.S production басшысы Ақылбек Досжанов өз ұжымында болған танымал екі әзілкеш Рауан Рамазанұлы мен Еділ Анарбайды жұмыстан қуып жіберді. Продюсер мұндай шешім қабылдауының өзіндік себептері бар екенін айтып, жағдайды түсіндіріп берді деп жазады Youtube желісіндегі "Nursultan Qurman" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Досжановтың айтуынша, өзімен жұмыс істеген әзілкештер оның қарсылығына қарамастан боғауыз сөздерге лық толы жобаға түскендері үшін продакшн құрамынан кеткен.

"Менен басқа оларды ешкім қумайды ғой. Менің теледидар мен ютуб жобалармен айналысып жатқаныма 15 жылдан астам уақыт өтіпті. Алайда, жасырмаймын мен өздігімнен көп боқтайтын адаммын. Кейде артық сөздер шығып кетеді. Бірақ, мен сол үшін ұяламын. Сол өзім сияқты болмасын деп тәрбиелеген жігіттер мен көрсеткім келмейтін жобаға түскен. Қатты боғауыз сөздер. Ондай болмайды енді.

Мақұл, Ресейде "Comedy club" жігіттеріне жарасымды сияқты. Орыс тілі боғауызға келеді, жарасымды. Ал қазақ тілі - өте жалпақ тіл. Қазақша тікелей келіп тұрады бейәдеп сөз. Алдымен маған сценариймен келіп, рұқсат сұрады. Мен оларға "мынау болмайды жігіттер, ертең не істейсіңдер?" дедім. Сценарийді жеңілдетсеңдер екі баланы беретінімді айттым.

Келістік. Түсірілімнен кейін маған қайта ұсынды. Көрдім де, "мынаны эфирге жіберсеңдер мен екі баланы жұмыстан шығарам" дедім. Жалпақ тіл былай тұрсын, сценарий бойынша керек кезде боқтасады екен. Жоқ, 15 минуттың ішінде 15 миллион боғауыз сөз. Сосын жігіттерге "бұл жобаға түссеңдер жұмыстан кетесіңдер" дедім. Ол менің шешімім. Менің жан дүниемді түсінбеген адамға продакшнда істеудің қажеті жоқ" , - деді продюсер.

Досжанов танымал әзілкештердің оның сөзіне құлақ аспай, бейәдеп жобаның екінші бөліміне түсуді жөн көргенін айтты.

"Мен барма деп тұрғанда екінші бөліміне түскен адамнан не сұрайсың? Адамда түйсік болмаса. Мен кәсіби маман ретінде айтайын. Боқтықтың өмірі қысқа. Ол ертең-ақ ұмытылып кетеді. Ал сен, сол образда ел жадында қалып қоясың. Қанша адам қарайды, балалар да. Мен Еділге кейін сенің балаң саған боқтаса ештене айта алмайтынын айттым. Себебі, оның өзі youtube әлемінде боқтап жатыр" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822014-bogauyz-zoba-bas-production-bassysy-tanymal-eki-zilkesti-zmystan-kuyp-ziberdi/

pixel