RU
Ұлттық банк төрағасы теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Ұлттық банк төрағасы теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында биылғы қыркүйек-қазан айларында ұлттық валюта бағамының төмендеу себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, қыркүйек айында ішкі валюта нарығындағы жағдай мұнай нарығының қысымында болды.

Осылайша, 16 қыркүйекте мұнай бағасы барреліне 69 долларға дейін өскен, ал 2 қазанда 57,7 долларға дейін төмендеді. 10 қазандағы жағдай бойынша 59,1 долларды құрады.

"Нәтижесінде айырбастау бағамы қыркүйектің басынан 11 қазанға дейін бір АҚШ долларына 385,27-390,12 теңге айналасында өзгеріп тұрды. Аталған кезеңде ұлттық валютаның әлсіреуі 0,5%-ды құрады.
11 қазандағы жағдай бойынша валюта бағамы бір АҚШ долларына 389,51 теңгені құрап, жыл басынан бері 1,4%-ға әлсіреді", – деп атап өтті Досаев.

Ол сондай-ақ жылдың басынан тамыздың аяғына дейін депозиттер көлемі 5,5%-ға дейін, 17,5 трлн теңгеге төмендегенін, бұл жағдайдың 1-тоқсанда банктерді сауықтыру бойынша іс-шаралар жүргізілуімен байланысты екенін жеткізді.

"Сәуір-тамыз айларында депозиттердің өсімі 1,9% немесе 327 млрд теңгені құрады. Шетелдік валютадағы салымдарды теңгелік салымдарға ауыстыру жүріп жатыр.
Ұлттық валютадағы салымдар 8 айдың ішінде 3,0%-ға өсті. Ал осы аралықта валюталық депозиттер 14,5%-ға төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі жыл басындағы 48,45%-дан тамыз айының қорытындысы бойынша 43,8%-ға төмендеді", – деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel