Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық тергеу изоляторына қамалды

Опубликовано:

ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда автокөлікпен баланы қағып кеткен 20 жастағы қазақстандықтың жағдайын түсіндіріп берді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Yna.co.kr
Фото: Yna.co.kr: Getty Images

Министрліктің мәліметінше, бүгін, 14 қазанда жас жігіт өз еркімен тергеу амалдарына қатысу үшін Сеулға ұшып барған. Оны елшілік қызметкерлері алып жүрді.

Елшілік қызметкерлері Қазақстан азаматына құқықтарын түсіндіріп, іс жүргізу әрекеті кезінде өзін қалай ұстау керектігі жөнінде кеңес берген.

Қазіргі уақытта айыпталушы Чанвон қаласының тергеу изоляторына отырғызылды.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген 20 жастағы қазақстандық 20 қыркүйекте 7 жасар оқушыны жалға алған көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Бүгін ол кінәсін мойындап, Оңтүстік Кореяға оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822028-otstik-koreada-balany-kagyp-ketken-kazakstandyk-tergeu-izolatoryna-kamaldy/

pixel