RU
"Қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр": Ермекбаев Арыстағы әскерилер туралы

"Қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр": Ермекбаев Арыстағы әскерилер туралы

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 11 қазан күні Арыс қаласы маңындағы жаттығу полигонында болған жарылыстан қаза тапқан әскери қызметкер туралы пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы қорғаныс министрі үкімет отырысында айтты.

"Ақышевтің туған-туыстарына көңіл айтамыз. Отбасының қайғысына ортақпыз. Бұл - тек Ақышевтер әулеті ғана емес, бүкіл Қарулы күштер үшін орны толмас қаза", - деді қорғаныс министрі.

Ол жоғарғы бас қолбасшының берген тапсырмасы бар екенін, оқ-дәрілерді тезірек алып шығу мақсатындағы мемлекеттік қажеттілік, Арыс қаласы тұрғындары мен журналистердің талаптары бар екенін айтты.

"Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Арыстағы жағдайды ретке келтіру үшін 700 әскери қызметші жұмылдырылған. Біз ол жаққа мерзімді әскери қызметшілерді тартпаймыз. Онда біліктілігі жоғары, дайындалған саперлер, инженерлер мен әскери полицейлер ғана барады. Барлығы да - келісімшарт бойынша қызметтегілер", - деді министр.

Ол әскери қызметкерлердің барлық жерде жұмыс істеп жатқанын атап өтті (ред. - қала аумағы, қаланың сырт жағы, полигон аумағы).

"Арыс маңында қалған оқ-дәрілердің нақты санын айтуға менің құқығым жоқ. Бұл құпия ақпарат. Олар (әскери қызметкерлер - ред.) барлық жерде жұмыс істейді.
Дәл қазіргі уақытта қала тұрғындарына тікелей қауіп жоқ. Қала толығымен тазартылған. Негізгі жұмыс жарылыс болған әскери бөлім аумағында жүргізілуде", - деді Ермекбаев.

Қорғаныс министрі әскери қызметкерлердің табанды еңбегін атап өтті.

"Арыс қаласының тыныштығын сақтап, тапсырманы орындау үшін әскери қызметшілер саналы түрде тәуекелге барып жүр. Әскери қызметшілерден басқа ешкім бұл жұмысты атқара алмайды. Бұл үшін, тағы да айта кетейін, дайындығы мығым әскери мамандар тартылған.
Менің үлкен өтінішім бар, тек өз атымнан емес әскери қызметкерлердің де атынан - осы жағдайды ушықтырмауды, популизммен айналыспауға, негатив жазбауға шақырамын және әскери қызметкерлерді қолдауға шақырамын. Олар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Нағыз жауынгерлік жағдай, адам өмірі үшін тәуекел", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel