RU
Көкшетауда полиция полковнигі ұзақ мерзімге қамалды
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда полиция полковнигі ұзақ мерзімге қамалды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында қаржылық заңсыздық жасады деген күдікпен полиция полковнигі ұзақ уақытқа қамауға алынды. Көкшетау мамандандырылған тергеу соты полиция бөлімі бастығының орынбасары Асан Садуовты қамауға алу мерзімін ұзартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ

Фото: ІІМ

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, бұрынырақ күдікті 10 күнге изоляторға қамалған. Енді сот қаулысына сәйкес, оны қамауға алу екі айға ұзартылды.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында екі полиция полковнигі ірі қаржылық құқық бұзушылыққа байланысты күдікке ілінген.

Облыстық полицияның жеке қауіпсіздік басқармасы мен Ақмола облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақмола облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізушісі Асан Садуовты ұстады.

Сондай-ақ, қаржылық қолдау бөлімінің бастығы, полковник Сәуле Жұмалина да қолға түсті.

Олар Қылмыстық кодекстің 189 бабы 3 тармағы бойынша күдікке ілінді.

3 қазанда полиция полковнигі Асан Садуов ішкі істер қызметінен босатылды. Ол 10 тәулікке изоляторға тоғытылған.

Енді күдікті 189 бап 3 тармақ және 362 бап 4 тармақ бойынша екі айға қамалды.

Сіздің реакцияңыз
1
6
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel