RU
Гранатаға түсіп, жарылған әскери қызметкерге 6 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Гранатаға түсіп, жарылған әскери қызметкерге 6 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев биылғы жазда Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезінде гранатаға түсіп, жарылған әскери қызметкерге 6 млн теңгеге жуық айыппұл салыну мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Маңғыстау бойынша: жазда полигондағы оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, әскери қызметкер Сергей Кошалев қолынан және бір көзінен айырылды.
Әлеуметтік желілерде жарылыстан 6 млн теңгеге жуық шығын келтірілгені, оны Сергей Кошалевтың төлеуі керек деген ақпарат пайда болды. Бұл мүмкін бе?", – деп сұрады журналистер министрден.

Нұрлан Ермекбаев өз кезегінде, Маңғыстау полигонындағы оқиғаға байланысты тергеумен Қорғаныс министрлігі емес, ІІМ-нің арнайы құрылған тергеу тобы айналысатынын мәлімдеді.

"Сондықтан да әзірге тергеудің нақты нәтижелері болмайынша, бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын. Бірақ түрлі нұсқалар қарастырылуда. Соның ішінде, әскери қызметкердің қауіпсіздік талаптарын бұзғаны да бар.
Егер бұндай факт расталса, әскери бөлімнің келтірілген шығынды өтеуді талап етуге құқығы бар. Алайда, әзірге нақты бір нәрсені кесіп айту ерте.
Тергеу тобының жұмыс нәтижесі белгілі болғаннан кейін қандай амал қабыладау керектігін шешеміз. Қазір әскери қызметкерге барлық қажетті көмек көрсетілуде, психологиялық және бірінші кезекте, медициналық", – деп атап өтті министр.

Еске сала кетейік, биылғы 17 шілдеде Маңғыстау обылысы Бейнеу ауылының полигонында оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, әскери қызметкер жарақат алды.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel