RU
Ауыр халде жатқан жанкүйеріне арнайы барған Ернар Айдар елді сүйсіндірді (видео)

Ауыр халде жатқан жанкүйеріне арнайы барған Ернар Айдар елді сүйсіндірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ернар Айдар аса ауыр дертке шалдыққан жанкүйерінің жағдайын білу ауруханаға барып қайтты. Эстрада жұлдызы бұған дейін концертінен қалып көрмеген тыңдарманына гүл шоғын сыйлап, сүйікті әнін орындап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсерлі сәттің видеосы өнер иесінің Instagram парақшасында жарияланған.

Бейнежазбадан қолына гүл шоғын ұстап алған Ернар Айдардың ауруханаға кіріп бара жатқанын көруге болады.

Әншінің Әспет есімді тыңдарманына кіріп шығуын науқас қыздың ағасы өтінген.

Отандық жұлдыз бұл өтінішті жерге қалдырмай, Көкшетаудағы кешінен кейін дереу елордаға келген.

Ол табынушысының хал-жағдайын біліп, біраз әңгімелесіп қайтыпты. Оған қоса, Ернар Айдар ауруы салдарынан концертке келе алмаған Әспетке гүл шоғын сыйлап, "Күнім, сен сөнбеші" әнін шырқап берген.

"Осыдан екі жыл бұрын Көкшетаудағы концертіме келіп гүлін беріп суретке түскен екенбіз. Ал осы жолғы Көкшетаудағы концертімде Әспет қарындасымның ағасы келіп, Әспеттің ауыр хәлде жатқанын айтып, мені көргісі келетінін айтқан болатын.
Аллаға шүкір Нұр-Сұлтанға келіп Әспет қарындасымның жағдайын сұрап, біраз әңгімелесіп шықтым. Алла шипасын беріп, Алла қаласа келесі Көкшетаудағы концертімде " Күнім сен сөнбешіні" бірге шырқауды жазсын. Алладан шын жүрегіммен сұранамын, бір ғажап боларына сенемін" , - деп жазды әнші парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel